Қызылордада көпбалалы отбасынан шыққан түлектерге қосымша 192 грант бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен қосымша 192 грант бөлінді. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
Талапкерлердің құжаттары 5 тамыз бен 10 тамыз аралығында қабылданады. Бұл туралы университеттің ресми сайтында http://korkyt.kz/index.php/kz/ жарияланған.
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті көпбалалы отбасынан шыққан немесе арнаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға мемлекеттік білім беру гранты негізінде 192 орын бөлінгендігін хабарлайды. Осы бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарға конкурсқа құжаттар қабылдау 2019 жылдың 5 тамызы мен 10 тамызы аралығында, №9 инновация лицейде (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, университет мамандықтар мен оған бөлінген гранттың санын қоса жариялап отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семей жастары үшін тегін шеберлік сабағы өтеді
Келесі жаңалық
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданы сәтті бастады
Өзгелердің жаңалығы