Қызылордада қарағандылық инспекторды өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордада қарағандылық инспекторды өлтірді деген күдіктілер ұсталды.
ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевтың мәлімдеуінше, бүгін Қызылорда облыстық криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері жеке үйде арнайы операция жүргізу нәтижесінде Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын өлтірді деген күдіктілерді ұстады. Олар 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында қызметтік бабында жүрген инспекторға браконьерлерлер шабуыл жасаған.
"Тергеу шаралары жүріп жатыр. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасады", - дейді А.Садубаев.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктілердің ұсталғанын растағанымен, аталмыш іске байланысты пікір бере алмайтындарын мәлімдеді. Себебі бұл істі ІІМ мен Қарағанды облысындағы әріптестері қарауда.
Айта кетейік, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторлары Петр Ницык, Ерлан Нұрғалиев 13 қаңтарда Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі көлікті байқайды, алайда біреуін тоқтата алмаған.
Ибраш Әли
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жекешелендіруден 230 млрд теңге табыс түсті – Есімов
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы