Қызылордада аптап ыстық, батыста бұршақ жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады.

«26 шілдеде  Қызылорда облысында күндіз40°С қатты ыстық болады. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді», - делінген хабарламада.

Ал, еліміздің батыс өңірінде дауыл соғып, бұршақ жаумақ. Ертең күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

26 шілдеде Орал қаласында күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ертең Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні күндіз кей жерлерінде 18 м/с дейін жетеді. 

Атырау облысының кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ аралас дауыл тұрады. Шығыс, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 35-39 градус ыстық сақталады. 

 

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы