Қызылорда облысының экс-әкімі үй қамауына алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 28.03.2020 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына Қызылорда облысының әкімі Қ.Искаковқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат түсті. 
Аталған тұлғаға  ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен күдік келтірілген. Қаралу нәтижесімен күдікті Қуанышбек Досмаилович Искаковқа қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды. "Үйқамақ" бұлтартпау шарасының 2 (екі) ай мерзімі 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден  бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген. Қаулы заңды күшіне енбеген, - делінген таратылған ақпаратта.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы