Қызылорда облысында жылу беру тарифтері төмендетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстың Сырдария ауданында жылумен жабдықтау қызметінің тарифтері сақталмағаны анықталды деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.
"Сырдария-Нұрдаулет" ЖШС-ның 2019 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау барысында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15 тармақшасы, яғни бекітілген тарифтік сметаны орындау талабының сақталмағандығы анықталды.
2019 жылға "Сырдария-Нұрдаулет" ЖШС-ның жылумен жабдықтау қызметі бойынша қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы 10 265 330 теңге.
Осылайша, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, "Сырдария-Нұрдаулет" ЖШС-не үш жыл мерзімге уақытша өтемдік тариф 1 Гкалға ҚҚС-сыз 1779,19 теңге мөлшерінде немесе 1 Гкалға ҚҚС-сыз 3354,6 теңге қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 47 пайызға төмендетіп енгізеді, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде мүлікке тыйым салу тәртібіне өзгерістер енгізілді
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы