Қызылорда облысындағы бронежабдықтар зауыты өндіріс көлемін ұлғайтпақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай дайындалатын бронежабдықтар Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерге жіберіледі. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Облыстың Жалағаш ауданында орналасқан цех өнім түрлерін көбейтпек. Осыдан 3 жыл бұрын ашылған кәсіпорын жылына 15 мың дана оқ өтпейтін дулыға, 12 мың кеудеше тігуге қауқарлы. Одан бөлек, сапер-сарбаздарды снаряд жарықшағынан қорғайтын тұтастай жабық киімдер мен құрылыс каскаларын шығарады.

Цех директоры Жақсылық Өзденбаевтың айтуынша, құқық қорғау органдарының шлемдері басқаша болады. Оны шығару үшін пресс сатып алынды. Ол қазан айында жеткізілмек. Сондай-ақ үнемді жарық шамдарын құрастыру жоспарда бар.

Өндіріс қарантин кезінде де тоқтамаған. Шикізат келмей тұрғанда цехта 20 мың маска тігіліп, халыққа тегін таратылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы