Қызылорда облысында тағы 1 адамнан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Науқас 1971 жылы туылған Сырдария ауданы, Амангелді ауылының тұрғыны. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты одан зертханалық сынамалар алынып, COVID-19 диагнозы нақтыланды.Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде.
10.04.2020 жылғы мәлімет бойынша өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 105-ке жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраулық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
Өзгелердің жаңалығы