Қызылорда облысында індетке шалдыққандардың жағдайы тұрақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 4 адам анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Вирусты жұқтырған адамдардың үшеуі 1971, 1973 және 2016 жылдары туған Қызылорда қаласының тұрғындары және біреуі 1977 жылғы Жаңақорған ауданының тұрғыны.Аталған азаматтардың біреуінен ПТР сынамалары Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынса, қалған 3 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошағында індетке қарсы іс-шаралар атқарылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
03.05.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 214 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны - 127, ем қабылдап жатқандар саны - 87.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қос Корея арасында атыс болды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы