Қызылорда облысында 200 орынды инфекциялық аурухана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 200 орындық модульді инфекциялық аурухана салынады, деп жазды «Хабар 24».

Мұның сыртында, қажет болған жағдайда 3 мың орынды 21 инфекциялық және провизорлық орталық қайта ашылады. Жалпы аймақта дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры дайындалған. Жақын күндері 96 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізіледі. Ал жергілікті бюджеттен 4 флюро және 4 дана стационарлы рентген аппараты сатып алынады. 
Жедел жәрдем қызметін күшейту үшін қазан айында лизингпен республикалық бюджеттің есебінен 40 машина сатып аламыз деген жоспарымыз да бар. Одан басқа 161 мобильдік топтарымыз бар. Емханаларда адамдардың шоғырлануын болдырмас үшін орнында қарау мәселесін де біз қарастырып, сондай топтарды құрып, дайындық жұмыстарын жүргізіп отырмыз, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы