Қызылорда облысында 147 адам індет жұқтырған

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 4 адам жайлы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Олардың екеуі Қызылорда қаласынан, екеуі Жаңақорған ауданынан анықталды. Ауру жұқтырғандардың екеуі 27 және 68 жастағы әйел адамдар, қалған екеуі 19 және 65 жастағы ер адамдар. Үшеуі өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болған. Ал төртінші адамнан пневмония симптомдарына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша барлығынан COVID-19 диагнозы анықталды - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр.

19.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 147-ге жетті. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 21, ем қабылдап жатқандар саны  – 126.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы