Қызылорда облысы полиция қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті әшкере болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Г. Тулебаев пен ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Б. Асқаровтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар жеке кәсіпкерден букмекерлік клуб тексерісін тоқтатқаны үшін заңсыз ақшалай сыйақыны қорқытып алған.
2019 жылғы 5 сәуірде ҚР ІІМ Жеке қауіпсіздік департаментімен бірлесе жүргізілген іс-шаралар барысында Г. Тулебаев 300 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Сонымен бір мезгілде Қарағанды қаласы жағдайында Б. Асқаров ұсталды. Г. Тулебаев Қызылорда қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Бұл күнді есте ұзақ сақтайсыздар». Боксшы Әлімханұлы жекпе-жекке дайындығымен бөлісті
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы