Қызылордада ет базарлары тексеріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 11-13 қараша аралығында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен  мал сою бекеттері тексерілуде. Барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлығының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралын тексеру ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.
Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөлімінде тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.

Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы