Қызылордада 1400-ден астам теміржолшының құқығы қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда көлік прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру барысында "ҚТЖ – Жүк тасымалы" АҚ Қызылорда бөлімшесінде жұмысшылардың еңбек құқығы бұзылғандығын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, еңбек заңнамасының және ұжымдық келісім-шарттың талаптарына қарамастан, мыңнан астам жұмысшы арнайы киіммен толықтай қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ төрт жүзден астам жұмысшыға ашық ауада жұмыс істегені үшін жалақыларына қосымша ақы төленбеген (+35С градустан жоғары).     

"Прокуратурамен қабылданған шаралар нәтижесінде жұмысшылардың құқығы толығымен қалпына келтіріліп, арнайы киімдер беріліп, төлемақылар толық мөлшерде аударылды. Сондай-ақ, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-на қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 97-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1 млн теңге айыппұл салынды (400 АЕК)", - делінген хабарламада.        


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы