Қызметкерлердің ұсынысы басшылық тарапынан қолдау таба ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-баспасөз конференциясы барысында агенттік төрағасының кеңесшісі Лейла Йылдыз жауап берді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне сауалнама жүргізу қорытындысы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Лейла Йылдыз агенттік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары басшылықтың назарынан тыс қалмағанын айтады.Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап "Берекелі жұмыс орны" атты жобаны қолға алдық. Жоба агенттіктің ішкі жобасы. Мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, жұмысқа деген қызығушылығын арттыру. Тұтас әлемде, елімізде орын алған жағдайға орай, біз жеке құрам арасында онлайн-сауалнама жүргізу керек деп шештік. Бұл қалыптасқан психологиялық климаттың жағдайын анықтауға және қызметкерлердің өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сауалнамаға қызметкерлеріміздің тең жартысы қатысты. Сауалдар арасында басшылыққа және әріптестеріне деген сенімділікке қатысты сұрақ болды. Бұл бағытта көрсеткіш жоғары, 92%. Бұдан тұлғалар арасындағы бір-біріне деген ерекше сенімді байқаймыз, - дейді ол.Төраға кеңесшісінің айтуынша, қызметкерлерге деген әділеттілік, ең алдымен, жетекшінің қызметкерге деген әділ қарым-қатынасына тікелей байланысты.
Осы орайда біз қызметкерлерге олардың ұсынысы басшылық тарапынан қолдау таба ма, әлде елеусіз қала ма деген сауал тастаған едік. Қызметкерлердің 90%-ы қолдау табады деп жауап берді. Әрине, түрлі пікір, түрлі көзқарас бар. Бірақ, біз қызметкерлердің пікірін барынша ескеруге тырысамыз. Тағы бір айта кетерлігі, мұндай ұсыныс-пікірлер басшылық ауысқанда, азаматтардың құқық қорғау орындарына жұмысқа орналасқанда жүретін адаптация кезеңі қалыпты өтуіне көмектеседі, - деді Лейла Йылдыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
️Белгісіз біреулер көліктік бақылау бекетіне шабуыл жасады
Өзгелердің жаңалығы