Қызды тұрмысқа асықтыруға ешкімнің хақысы жоқ – Дина Төлепберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист Дина Төлепберген қыздардың тұрмысқа кеш шығуына қатысты пікір білдірді. Өзі 30-ға таяп отбасылы болған ол өзге қыздардың да асықпай, жеке жағдайларын жасап алғаннан кейін тұрмысқа шыққанын қолдайды екен.
Жасым 28-де. "Мына қызды ешкім алмайтын болды". Туыстарымның басты уайымы осы болғандай. Бәлкім олай емес те шығар. Бірақ сол кезде маған бәрі солай көрінген. 28 жасымда тұрмысқа шықтым. 29-ымда тұңғыш ана атандым. Бұл кеш пе? Білмеймін. Меніңше, кеш емес. Өмірді көрдім, өзімді сынадым, атым да, затым да бар болған келін болдым. Түйгенім: тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес. "Қыз мұраты – кету" дегенді мен басқаша түсінемін. Яғни, ата-анаңа масыл болмай, қаржылық тәуелділіктен шығу. Екіншіден, "сені ешкім алмады ғой" деуді дөрекі қате деп білемін. Бұл – қызды кемсіту. "Өзіңе теңің табылмады ма?" деген сұрақты ғана түсінер едім. Үшіншіден, ешкімнің асықтыруға құқы жоқ. Өзге адамның өміріне араласпа. Төртіншіден, күйеуге қатты шыққысы келетін қызды жігіттер сезетін сияқты. Содан қашқақтайды. Сондықтан тойды ойлағанша, өзіңді дамыту жайын ойлаған дұрыс деп білемін. Егер күйеуің ханзада болсын десең, ханшайым болыңыз, - деп жазды Instagram-дағы парақшасына.
Бұл пікірді құптаған оқырмандар да аз емес. Желі қолданушылардың көбі "Отырған қыз орнын табар" деген ұғым төңірегін шиырлауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда бір тәулікте 980 адам коронавирус жұқтырды
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы