Юсуповтың «Потогы» ел университеттеріне енгізілмек
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек БАҚ өкіліне айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Поток» – белгілі блогер Арман Юсуповтың маркетинг дағдыларын үйрететін онлайн курсы.
Қазір біз келіссөздерді бастадық, курстарды университеттеріміздегі ресми білім беру форматына енгізуге болатын-болмайтынын білу үшін шағын жұмыс тобын құрдық, - деді министр.
Саясат Нұрбек студентке «Мен Арманның командасын таңдағаным жөн, өйткені бұл жігіттер маркетингте №1. Ұстазымды немесе профессорымды құрметтей отырып, бұл балалар маған көбірек бере алады» деп сараптап, таңдай алатындай жағдай жасалуы керегін айтады.
Бұл – біз қалыптастыруымыз керек сапалы курстардың негізі. Сондықтан біз кеңірек қарап, нарықта өз курстарының практикалық маңыздылығы мен құндылығын, олардың шоғырландырылған түрде тасымалдай алатын білімін дәлелдеген осындай командалармен ынтымақтастықты бастаймыз. Осылайша, барлық студентіміз осындай элективті курстарға қол жеткізе алады, - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Юсупов Потокты президентке таныстырып, өзінің университет пен мектеп ашу жоспары туралы айтқан болатын. Нәтижесінде, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қолдаймын!» деп жауап берген.