Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, делінген хабарламада.
Юрий Ильин 1968 жылы Куйбышев қаласында туған.
1989 жылы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін, ал 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын тәмамдады.
Әртүрлі жылдары Алматы облыстық төтенше жағдайлар басқармасы оқу дайындығы орталығының аға офицері, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2011 жылдары Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары болды.
2011-2013 жылдары Алматы қаласы мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды жою басқармасын басқарды.
2013-2015 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2015-2016 жылдары – президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдың сәуірінен бүгінге дейін ішкі істер министрінің орынбасары болды.
"Құрмет" орденімен, медальдармен марапатталған. 2020 жылдың мамырынан бері генерал-майор атағы бар.
Үйленген, екі ұл мен бір қыздың әкесі.