Юрий Ильин Талдықорған қаласында екі жауынгерді марапаттады

ТЖМ басшысы Юрий Ильин Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған өрт кезінде қарт әйелді құтқарғаны үшін Жетісу облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының екі жауынгерін марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ермек Асатпаев пен Нұрсұлтан Оразалиевке алғыс хаттар қалалық драма театрының залында салтанатты түрде табысталды. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекте "Шығыс" шағын ауданында көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шыққан болатын. Сол кезде полицейлер түтінге толған бөлмеден төсек тартып қалған әжені алып шыққан еді. "Күміс алқа", "Алтын алқа" және "Еңбек ері" медальдарымен марапатталған 92 жастағы әже - 10 баланың анасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы