Юрий Ильин Қарағандыға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарағанды қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.
Министр құтқару бөлімшесінің жаңа техникалары мен құтқару жабдығын қарап тексерді. Қарағандылық өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің қызметі туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.
Сонымен қатар Юрий Ильин көлік гаражын, жеке құрамның демалыс бөлмелерін және оқу кабинеттерін аралады.
Одан кейін ведомство басшысы жеке құраммен кездесіп, төтенше жағдайлар органдарына жүктелген функциялардың нақты орындалуына назар аударды.
Министр атап өткендей, ауа температурасы төмендегендіктен халық жылыту құралдары мен пештерді белсенді пайдалана бастайды. Сол себепті өрт шығу қаупі артады. Улы газбен улану салдарынан адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау үшін үйлерін пешпен жылытатын әлеуметтік аз қамтылған тобындағы адамдарға атаулы практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізу керектігін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша министр Департамент алдына төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауынан құтқару, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша бірқатар міндеттер қойды.