Юлия Путинцева WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лейла Фернандеспен (Канада) жұптасып, Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалда Путинцева мен Фернандес ресейлік-чехиялық дуэт – Диана Шнайдер мен Линда Носкованы жеңді. Есеп: 6:3, 6:4 есебімен.

Финалда Путинцева мен Фернандес енді америкалық Эйжа Мухаммед және жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен кездеседі.

Бұл Путинцеваның карьерасындағы екінші жұптық финал. Соңғы рет қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен дуэтте Осакадағы WTA 250 турнирінің финалына шыққан.

Айта кетейік, Юлия Путинцева Париж Олимпиадасында украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықта тізесін ауыртып, жарыс жолына шығудан бас тартқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚТФ
Өзгелердің жаңалығы