7 Шілде 2024 2024, 03:23
Фото: olympic.kz
Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, төртінші айналымға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, төртінші айналымға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандасымыз турнирдің үшінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, поляк спортшысы Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңді.
Юлия Путинцева өз мансабында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» турнирінің төртінші кезеңіне жетті. Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен сынға түседі. Матч 8 шілде күні өтеді.