Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирде қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракетасы жапониялық Наоми Осаканы жеңді.
Путинцева 1/8 финалда әлемнің бірінші ракетасы, Жапониядан келген Наоми Осакамен кездескен болатын. Бір сағаттан аса уақытқа созылған ойында Путинцева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.
Енді, бүгін германиялық Юлия Гергес жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Қарсыласы – кеше ресейлік Евгения Родинаны жеңді. Гергес әлемдік рейтингте 19-орында орналасқан.
Екеуі бұған дейін өзара үш рет кездескен. Оның барлығында қарсыласының жолы болған. 24 жастағы Путинцева әлемдік рейтингте 43-сатыда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақын сақшы
Келесі жаңалық
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Өзгелердің жаңалығы