15 Шілде 2024 2024, 17:02 Фото: polisia.kz

Юлия Путинцева алғаш рет WTA рейтінгінде отыздыққа енді

"Уимблдон" турнирі аяқталған соң, әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Уимблдон" турнирі аяқталған соң, әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің жартылай финалында сүрінген Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды.

Ал осы бәсекеде төртінші айналымға дейін жеткен Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 29-орынға тұрақтады. Бұл Юлияның мансабындағы ең үлкен көрсеткіш.

Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді.