Юлия Путинцева: Командаға пайдамды тигізу үшін аянып қалмаймын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді. 

Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара кездеседі. Осы ойынның алдында Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі теннисшісі Юлия Путницева тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлады BNews.kz.

"Мен Лондонға демалыс күні таңертең келдім. Жалпы, Еуропада жүргеніме бір аптадан асты. Америкадан оралғаннан кейін бұл жақтың ауа-райына да бейімделіп қалдым. Көңіл күй өте жақсы. Кортқа үйреніп, жаттығу жасап жатырмыз. Бізге бұл жерде дайындалуға тек кеше кешкісін рұқсат етті. Құраманың бірінші нөмірлі көшбасшысы болған соң, жауапкершілік жоғары. Барлығы сенен жеңіс күтеді, құрамаға ұпай әкелуің керексің. Өз кезегімде командаға пайдамды тигізу үшін аянып қалмаймын. Жеңіске жету үшін қажетті ұпай жинауға қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біздің қарсылас команда өте мықты. Оның ішінде Йоханна Контаны ерекше айтуға тиіспіз. Бұл теннисші бір кездері алғашқы ондықтың қатарында жүрді", - деп мәлімдеді Юлия Путницева.

– Қазір, керсінше Йоханна Конта рейтингте сізден 10 сатыға төмен орналасқан. Бұл оның әлсірегенін білдіреді ме?

– Жоқ, олай емес. Әртүрлі себептер болады. Спортшылар кейде рейтингте ұпайларын жоғалтып жатады. Кейде, жеребе жолдас болмай, жарыстарда алғашқы раундта-ақ мықтылармен кездесіп жатады. Салдарынан ұпайлар жинай алмай қалады. Бәлкім, жарақаты болған шығар. Рейтингте төмен түсуінің нақты себебін білмедім. Бірақ оны есептен шығарып тастауға болмайды. Мұндай ойындарда рейтингте 10, тіпті, 20 немесе 30 саты төмен орналасса да, жеңіп кетуі ықтимал. Йоханна рейтингте қандай орында орналасса да, әрдайым жақсы ойнайды. Сондықтан өзімізді кез келген матчқа ерекше құлшыныспен шығу қажет.

Сондай-ақ, Уатсонды да атап өткім келеді. Ол WTA аясындағы бірнеше турнирлерді жеңді. Сондай-ақ Болторды да тізімнен шығаруға болмайды. Былтырғы жылдан бері жақсы жағынан көрініп келеді. Ұлыбритания құрамасындағы қыздардың бәрі мықты. Біз оларға енді қолымыздан не келетінімізді көрсету керек.

– Қазақстан құрамасының келер ойындағы басты артықшылығы неде?

– Біз ештеңе жоғалтпаймыз, әрі осы күнге дейін әлемдік топта ойнап көрмегенбіз. Бұл бір жағынан жеңілдеу соғады. Яғни қысым болмайды. Олар керісінше психологиялық тұрғыдан "жануы" мүмкін. Өз жерінде бізден ұтылып жатса, сенсация болары түсінікті. Біз еркін ойнауға тырысамыз. Қазақстан құрамасынан ағылшындар үздік нәтиже күтпесі анық, соны пайдалануымыз керек. Бәрін таңқалдырамыз деп үміттенеміз.

Айта кетейік, 20-21 сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы Copper Box Arena стадионында теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі өтеді. Мұнда Қазақстан мен Ұлыбританияның әйелдер құрмасы өзара күш сынасады.

Әйелдер құрамасы теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі үш рет Франция (2013), Канада (2017), Ұлыбритания (2019) жолдама алған.

Аталған жарыста қазақ елінің намысын Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина, Галина Воскобоева қорғайды. Олардық қарсыластары – Йоханна Конта, Кэйти Бултер, Хитер Уотсон, Хэрриет Дарт, Кэйти Суон.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы