Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты. Р.Петерсон осы дода барысында тағы бір қазақстандық Зарина Диястан айласын асырып кеткен болатын.
Бұл жолы бірінші партияда Юлияның басымдылығы айқын байқалды – 6:2. Ю.Путинцева екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 4:1. Матчқа доп бергенде, Петерсон брейк жасап, есепті қысқартты – 3:5.
Дегенмен қазақстандық теннисші матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4 Ю.Путинцева финалда әлемнің 89-ыншы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.