21 Қыркүйек 2026, 23:18 Фото: ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы

Юлия Дегтева мен Ақмаржан Қалмырзаева әлем чемпионаттарына төреші ретінде тағайындалды

Ал Юлия Дегтева Швецияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында могул жарыстарына төрешілік етуге кандидат ретінде бекітілді.

​Қазақстандық төрешілер Юлия Дегтева мен Ақмаржан Қалмырзаева Қытайдың Циньхуандао қаласында өткен халықаралық семинарда Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) ең жоғары "А" санатындағы біліктілігін растады.
 
15-18 қыркүйек аралығында фристайл-могул және фристайл-акробатика бойынша міндетті FIS семинары ұйымдастырылды. Мұндай аттестаттау ірі халықаралық жарыстарда төреші болудың негізгі талаптарының бірі саналады.

"А" санатын растаған қазақстандық мамандар 2027 жылы өтетін бірқатар маңызды халықаралық бәсекелерде төрешілік етуге мүмкіндік алды.

Атап айтқанда, Ақмаржан Қалмырзаева Австрияда өтетін фристайлдан 2027 жылғы FIS ересектер арасындағы әлем чемпионатында шаңғы акробатикасы бойынша төрешілер құрамына енді.

Ал Юлия Дегтева Швецияда өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында могул жарыстарына төрешілік етуге кандидат ретінде бекітілді.

Бұл нәтижелер қазақстандық фристайл төрешілерінің халықаралық деңгейдегі кәсіби біліктілігін растайды.