29 Қаңтар 2020, 18:25
Қытаймен әуе қатынасы тоқтап, билеттер кері қайтарылады
Осыған орай 2020 жылдың 3 ақпаннан бастап аталған рейстерге билет алғандар оны сатып алған жерлері бойынша қайтара алады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 3 ақпаннан бастап Қытай Халық Республикасымен тұрақты әуе қатынасы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев айтты.
Екі ел арасындағы тұрақты рейстерді "Эйр Астана", "SCAT" әуе компаниялары (Қазақстан), "China Southern Airlines" және "Air China" әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы және Қытайдың Пекин, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында орындап келді. Осыған орай 2020 жылдың 3 ақпаннан бастап аталған рейстерге билет алғандар оны сатып алған жерлері бойынша қайтара алады. Билеттер үшін ақша айыппұлсыз рәсімделіп, толық көлемде қайтарылады. Қалып қойған жолаушыларды елге қайтару үшін Пекин және Үрімші қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастырылады, - министрлік өкілі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Үкіметі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты Қытай аумағына туристік сапарларға шектеу қойды. Қытайға баратын теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Қытайға қатысты қойылған шектеулер жөнінде Жандарбек Бекшин айтып берді. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі отандық өндірушілерден азаматтарға қажетті көлемде маска шығаруды өтінді.
- Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісі артты 13.07.2026
- Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті 13.07.2026
- Қазақстан Медиация жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы конвенцияға қол қойды 13.07.2026
- «Байтақ» партиясының Құрылтай сайлауына арналған тізімінен төрт адам өз еркімен шықты 13.07.2026
- Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері өзгерді 13.07.2026
- +45 градусқа дейін ыстық: 14 шілдеде барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 13.07.2026
- Жетісуда денсаулығына байланысты көлік айдауға болмайтын 58 жүргізуші анықталды 13.07.2026