Қытаймен шекаралас Вьетнам елі коронавирусты қалай ауыздықтады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халқы тығыз орналасқан әрі Қытаймен шекаралас Вьетнамда коронавирус жұқтырғандардың өте аз болуы таңғаларлық жағдай.
Қазақстанның Вьетнамдағы елшісі Ерлан Байжановтан жұрт елдің қауіпті вирусты қалай ауыздықтап жатқанын жиі сұрайды екен. Осыған орай, елші әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба қалдырды.
Бүгін 88-ші күн. COVID-19 бойынша бірде-бір жағдай тіркелмеді. 100 миллионға жуық халқы бар елде бар болғаны 372 адам індетпен ауырған. Олардың басым бөлігі репатриациялық рейспен жүреді, жолаушылар қатаң карантинге жіберіледі. Ауырып жатқан дәрігер жоқ деуге болады. Бір ғана жағдайы ауыр науқасты – британдық ұшқышты дәрігерлер емдеп, үйіне аман-сау қайтарды. Олар вирустың таралуына қалайша жол бермеді? Осы туралы ойландым. Менің ойымша, мынадай факторлар әсер етті. Біріншіден, вьетнамдықтар санитарлық-эпидемиологиялық қызметті сақтай білді. Көршілес тұрған Қытай елінде құс тұмауы, атипиялық пневмония сияқты жаңа аурулар шығып жатқанда, вьетнамдықтар қорғанысқа мән берді. 2003 жылы SARS-COV атауымен белгілі болған атипиялық пневмонияға қарсы дүниені тапты. Ол кезде 68 адам ауырған еді. Тиімді инфекциялық бақылау жүргізудің арқасында Вьетнам ауруды бірінші болып жеңді. Вьетнамда ежелден келе жатқан "староста" деген институт сақталған. Әр ауылда, аймақта, қалада тұрғындардың күнделікті өмірінен, барлық жағдайдан хабардар және адамдардың сұрағына жауап бере алатын құрметті адам болады. Осындай адамдар арқылы індет жұқтырған адам ғана емес, онымен байланыста болғандар да тез анықталып, оқшауланады. Осы орайда, Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі құрылымдарының да беделі зор. Бөлімшелердегі мамандар вирус жұқтырғандарды қатаң түрде оқшаулап, үйлер, мен аумақтардың залалсыздандырылуын бақылауға алады, – дейді ол.
Елшінің айтуынша, мұндай жағдайда халықтың менталитеті, ауызбіршілігі маңызды рөл атқарады. Вьетнамдықтар өз-өзін мықтап бақылауға алады, қорқынышқа жол бермейді. Олардың бұл жағдайға "соғысқа дайындалғандай" дайындық жасағаны белгілі болып отыр. Керек кезде дәріханадан кез келген қорғаныс құралын, медициналық препаратты ала аласыз. Ал емханалар мен супермаркеттерде маска тегін беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда карантин ережесіне бағынбағандар жазаланды
Өзгелердің жаңалығы