Қытайдан келген тағы 6 адам ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан келген тағы алты адам ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін ауруханаға түскен екі адам үйіне шығарылды. Бұл туралы еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

Таңертең төрт адамның ауруханаға жатқызылғаны белгілі еді. Олардың екеуі амбулаториялық көмек көрсетілген соң ауруханадан шықты. 
Қазір Алматы қаласында бір адамның, Ақмола облысында отбасындағы бес адамның ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Олар Қытайда болып келген. Барлығының диагнозы – ЖРВИ (ОРВИ). Екі баланың дене қызуы көтерілген. Отбасындағы үлкен адамдарда аса ауыр белгілері жоқ. Бірақ олар контакт құрғандықтан ауруханаға жатқызылды. Бес адам ауруханада, - деді Бекшин. 
Оның айтуынша, медициналық қызметкерлер 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген азаматтарды анықтап жатыр.
Біз қазір 6 қаңтардан кейін бізге келген шетелдік азаматтардың барлығын анықтап жатырмыз. Барлығымен байланыстамыз, медициналық қызметкерлермен де сөйлесіп отырмыз. Қытайдан 6 қаңтардан кейін келген барлық азамат, әсіресе соңғы 14 күнде келгендер жергілікті жердегі емханаға барып, есепке тұруын және 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болуын сұраймыз. Әсіресе кімнің дене қызуы көтерілсе, емханаға баруын сұраймыз, - деді Жандарбек Бекшин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы