Қытайдан келген дәрігерлер өңірлерге барады

Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға ҚХР-дан келген медицина саласының сарапшылары өңірлерге барады, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Өткен аптада Нұр-Сұлтанға қазақстандық әріптестерімен кеңесу үшін келген 10 адамнан тұратын Қытай дәрігерлері екі күннен кейін Қарағандыға барады. Олар тәжірибелерімен бөліседі, бейнеконференцияларға қатысып, отандық дәрігерлердің сұрақтарына жауап береді.

15 сәуірде Шыңжаң дәрігерлері Қарағандыға, содан кейін Алматыға барады. Қытайдың танылған медицина мамандары біздің елдегі коронавирус инфекциясымен күрес алгоритмімен және емдеу әдістерімен танысқан кезде Қазақстандағы медицина деңгейі айтарлықтай жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы