Қытайдағы қонақүй апаты: ер адам 70 сағаттан кейін тірі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар құлаған ғимарат астында 70 сағат бойы жатқан ер адамды тауып алды.

Қытайда құлаған қонақүйде қайтыс болғандар саны артты. Айта кетейік, аталған қонақүйде коронавирус жұқтырған адамдар жатқан болатын. Бұл туралы АР хабарлады.

Сондай-ақ құлаған ғимараттың астынан 69 сағаттан астам уақыт бойы жатқан ер адам табылған. 
Қытайдың оңтүстік-шығысында құлаған қонақүйдің астында 69 сағат бойы жатқан ер адам табылды. Апат салдарынан  27 адам қайтыс болды және 2 адам әлі табылмады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін 52 сағат бойы үйінді астында жатқан 10 жастағы бала мен оның анасы құтқарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы