Қытайда тауық қанаттарынан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Globaltimes басылымы жазды.
Басылымның мәліметінше, коронавирус 12-13 тамызда Оңтүстік Америкадан, соның ішінде Бразилия мен Эквадордан әкелінген өнімдерден табылған. Қанаттар Қытайдың бірнеше провинциясына жеткізілген.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, шілде айының басынан бастап Қытайдың жеті қаласы мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасында вирустың анықталғаны туралы хабарлаған.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, өнімдер әдетте төмен температурада сақталады. Ал оның салдары бұл вирустың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыруы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар әкелінді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы