Қытайда SPA салонның төбесінде 10 жыл бойы алып жылан өмір сүрген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда SPA салонның төбесінен ұзындығы 4 метр, ал салмағы 19 келі болатын алып жылан құлап түсті.

Абырой болғанда жылан келушілердің басына құлап түспеген. Ол сол төбеде 10 жыл өмір сүрген дейді.

Салон қожайыны жыланды көріп шошып кетіп, бірден полиция шақыртқан.  Полиция қызметкерлері 5 минуттың ішінде "шақырылмаған қонақты" ұстап алып, зообаққа өткізген.

Daily Mail-дың хабарлауынша, оқиға 12 қараша күні Фошань қаласында болған. Жылан төбеден құлап түскенін сол салонның қызметкері көрген. Зардап шеккендер жоқ.

Ең қызығы жыланның ойын-сауық орталығына қалай кіргені белгісіз. Салон қожайыны ғимаратта жылан барын осыдан он жыл бұрын естігенін айтады. Ал 3 жыл бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлер "құбыжық" көргенін айтқан.

Зоологтардың айтуы бойынша, жылан сол төбеде өмір сүріп, тышқандармен қоректенген. (жыландар шамамен 20-25 жыл өмір сүреді).



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы