Қытайда шетелдік 16 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырған шетелдіктердің барлығы аман. Екеуі аураханадан шығарылды. Ел бойынша коронавирусты 16 мың адам жұқтырған.
Қытайда 2019-nCoV вирусын шетелдік 16 азаматы жұқтырған. Бұл туралы ҚХР СІМ өкілі Хуа Чуньин 3 ақпанда мәлімдеді.Ведомствоның хабарлауынша, 2 ақпанда коронавирустан пневмониямен ауырып қалған шетелдік 16 азамат анықталды. Олардың екеуі жазылып, ауруханадан шықты. 14 адам ем қабылдап жатыр, жағдайы қалыпты, - деді СІМ өкілі.Дипломаттың айтуынша, ҚХР елге қарсы туризм мен сауда саласында шектек шараларын қабылдауға ешқандай негіз жоқ.
ҚХР СІМ өкілі АҚШ билігі Қытайға қатысты шектен тыс шектеу шараларын енгізілгенін атап өтті. Ведомствоның ресми өкілі америкалық тараптың әрекеттерін жаман мысалмен теңеді.
АҚШ Үкіметі бізге қандай да бір айтарлықтай көмек көрсетпеді. Бірақ олар өз елшілігін елден шығарған және Қытайда болған шетелдіктерге Америкаға кіруге тыйым салған алғашқы ел болды, - деді Хуа Чуньин.Соңғы деректер бойынша Қытайда 361 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. 16 мың адам жұқтырған. Соңғы тәулік ішінде 57 адам қаза тапты және 2829 адам жұқтырғандар тізіміне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жолда қалған Өзбекстанның 37 азаматы құтқарылды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы