Қытайда Ресейден әкелінген өнімдерден коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекцияның іздері бар қаптама Чанчунь қаласындағы тұрақты тексерулердің бірінде табылды.
Қытайда SARS-CoV-2 коронавирусы Ресейден әкелінген мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан табылды. Бұл туралы 20 қыркүйекте Синьхуа агенттігі хабарлады.
Коронавирус табылған қаптама провинция астанасы Чанчунь қаласында жұма күні әдеттегі тексеру кезінде анықталған. Сенбі күні ауруларды бақылау және алдын алу жергілікті орталығы алдын-ала нәтижені растады. Вирустың бар-жоғы екі рет расталған. Деректер Чанчунь қаласындағы ауруды бақылау және алдын алу орталығында тексерілген.
Билік қауіпті қаптамамен байланыста болған адамдарды анықтады, олар дәрігерлердің бақылауында. Коронавирусқа арналған тесттер теріс нәтиже көрсеткен. Ресейден келген тағы 10 келі өнім Фюй қаласына жіберілді. Бұл қаптамаларды да тексеруден өткізу жоспарланған.