Қытайдың химиялық зауытында апат болып, тұрғындар қаладан қашқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Сычуань провинциясындағы Лэшань қаласында химиялық зауыттан хлор ағып кетті. Бұл туралы Қытайдың Xinhua мемлекеттік жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Айналадағы үйлер шұғыл түрде эвакуацияланды, тұрғындардың қаладан қашуына байланысты қаладан шығатын жолдарда көлік кептілісі пайда болған.
Жергілікті аудандық ҚКП зауытта жарылыс болмағанын атап өтті.

Көптеген жергілікті тұрғын ауадағы өткір жағымсыз иіске шағымданған. Бұл ретте, қоршаған орта мониторингінің жергілікті орталықтарының деректеріне сәйкес, фторлы және хлорлы сутегі, хлор, аммиак, жеңіл органикалық қосылыстар бойынша нормадан асып кету байқалған жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы