Қытай тұрғынының миында 30 жыл бойы құрт болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1989 жылдан бастап ер адамның басы ауырып, эпилепсиясы ұстап қалатын болған. 2019 жылда ғана оның миынан 10 сантиметрлік құрт алынды.
Қытай тұрғыны отыз жыл бойы миындағы үлкен құртпен өмір сүрген. Бұл туралы AsiaOne хабарлайды.
Цзянси провинциясында тұратын ер адамның 29 жасынан бастап басы ауыра бастаған. Сол уақытта алғаш рет эпилепсия ұстамасы болған. Бір күні карты ойнап отырғанда, қолы мен аяғы дірілдеп, аузынан көбік шыққан және есінен танып қалған.
Ол бірнеше рет ауруханаға жүгінеді, бірақ ешқандай ем қонбаған. Осы жылдың жазында ғана МРТ жасатады. Сөйтсе, осы уақытқа дейін оның миында құрт болған.
Хирургтер он сантиметр болатын паразитті алып тастады. Дәрігерлердің айтуынша, құрт ер адамның ағзасына уланған сумен енуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
24 тамызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы