Қытай мен Үндістан шекарада бейбіт болуға келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай мен Үндістан туындаған араздықты доғарып, шекарада бейбітшілік сақтауға келісті. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар24".
Айтуынша, қос тарап дипломатиялық және әскери байланыс құралдары арқылы өзара қатынасып жатыр. Екі ел арасындағы шекараның даулы бөлігінде қақтығыс болып, Үндістанның 20 сарбазы қаза тапқан еді. Қытай тарапы өз шығыны туралы мәлімет жариялаған жоқ. Осы оқиғадан кейін екі елдің әскери өкілдері алғаш рет жоғары деңгейде кездесу өткізді.22 маусымда Қытай және Үндістанның шекаралық әскерінің қолбасшыларының кездесуі өтті. Қос тарап шекараны бақылауға қатысты өзекті мәселелер бойынша ашық түрде пікір алмасып, өзара араздығын басуға бағытталған шаралар қабылдауға және шекарада бейбітшілік пен сабырлық сақтауға келісті, – дейді ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар COVID-19-дың неліктен ұзаққа созылғанын түсіндірді
Өзгелердің жаңалығы