Қытай Марсқа алғашқы зондын ұшырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның негізгі міндеті - Марста өмір сүруге қолайлы ықтимал белгілерді іздеу болмақ.

Бүгін Қытайда тұңғыш рет Вэньчан ғарыш айлағынан Марсқа зонд ұшырылды. Шараның видеосын Xinhua агенттігі жариялады деп жазады korrespondent.net.
Қытай бейсенбі күні Хайнань Оңтүстік Қытай аралдық провинциясының жағалауында орналасқан Wenchang ғарыш айлағынан Long-March 5 зымыранымен Марсқа өзінің алғашқы зондын ұшырды, - делінген хабарламада.
Миссияның мақсаты - планетаның бетін, оның атмосферасын, ионосфераны және магнит өрісін зерттеу. Алайда, оның негізгі міндеті - Марста өмір сүруге қолайлы ықтимал белгілерді іздеу болмақ. Зонд Марсқа 2021 жылдың 11 ақпанында жетуі керек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы