Қытай әлемдегі ең үлкен телескопты іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай ресми түрде әлемдегі ең ірі FAST телескопын (Five hundred meter Aperture Spherical Telescope) іске қосты, деп жазады 7kun.kz.
Қытай билігі әлемдегі ең ірі және ең сезімтал деп атаған радиотелескоптың құрылысы 2016 жылдан басталған. 2018 жылы аяқталғанымен ресми іске қосуды кейінге қалдырып келген.
Телескоп Гуйчжоу провинциясында орналасқан және пульсарларды іздестіріп, зерттеуге маманданған. Олардың екеуі FAST 2017 тамыз айында құрылғыны тестілеу кезінде ашты. Телескоптың диаметрі 500 м болса да, зерттеу кезінде ол тек 300 м ғана қолдана алады.
Пульсарлардан басқа ғалымдар жерден тыс интеллект табу үшін FAST-ты пайдаланады. Тестілеу кезінде телескопты Күннен 100 жарық жыл қашықтықта орналасқан және магнит өрісі бар экзопланетті зерттеу үшін ғана пайдаланды.
Аспан денелерінің сигналдарын бақылау барысында, біз Жерден тыс өркениеттерден шығатын сигналдарды жинаймыз. Алайда, бұл үлкен жұмыс, өйткені біз алатын сигналдардың көпшілігі, дәлірек айтқанда, олардың 99% әр түрлі шулар, – деп атап өткен FAST жедел-технологиялық орталығының ғылыми бақылау және деректер бөлімінің директоры Чжу Мин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
GGG – "Канело": Не биыл қыркүйекте өтеді, не мүлде өтпейді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы