Қытай коронавируспен қалай күресіп жатыр? – сарапшы жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайды зерттеу орталығының директоры Гүлнар Шаймергенова COVID-19 вирусымен Қытайдың күресі жайлы айтып берді. 

Коронавирус Ухань қаласынан басқа жерлерге белсенді түрде тарай бастаған алғашқы аптада бүкіл әлем Қытайға белгісіз қауіптің көзі ретінде қарап отырды. Эпидемияны негізінде белгісіздікпен күрес деп атауға болады. Оның қайдан шыққаны, инфекцияның қандай екені белгісіз, вакцина жоқ және дәрілік заттардың оған әсері қандай екені белгісіз болды.

2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында коронавирустың зардабы қандай болатыны түсініксіз болды. Бірақ ҚХР бұл сыннан сүрінбей шықты. 

Қазір бүкіл әлем Қытайға ілтипатпен, үмітпен қарайды. Біріншіден, ҚХР қауіптің алдын алуда жылдам әрекет етіп, инфекцияның алдын алу және тарамауы үшін барынша қажетті шараларды қабылдады. Бұған ел статистикасы дәлел. Қытайда 1,4 млрд-тан астам адам тұрады. Ал коронавирус жұқтырғандар саны бар болғаны 80 мың адамнан асты. 

Сондай-ақ ҚХР коронавирустың қаупі туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және әлемдік қауымдастыққа бірден хабар бергені өте маңызды. Бұл орайда әріптестерімен ашық әрі шынайы диалогты сақтап отыр. 

Екіншіден, Қытай Үкіметі проблеманы бақылай алғанын ескере отырып, бүгінде Қытай эпидемиямен күресте ең тиімді жолдарды қабылдаған тәжірибесі бар. Қытай үкіметтік ұйымдары, олардың қоғаммен байланысы және билік органдары мен тұрғындардың тәртіпті сақтауы дәлел болады.

Үшіншіден, вирустан жазылған алғашқы адамдар да қытайлықтар болды. Бұл дегеніңіз ұлттық денсаулық сақтау жүйесі антивирустық вакцинаның жоқтығына қарамастан инфекцияны жою жолдарын тапты. Әлем бойынша қазір нақты дәрі не ем жоқ. Дәрігерлер іздеп жатыр. Соған қарамастан Қытайда вирустың таралғанына бір ай өткен соң он мыңдаған адам вирустан емделіп шықты. Бұл қауіпті проблеманың шешімі бар екенін дәлелдейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы