Қытай эпидемиологиялық қауіптілік деңгейін төмендетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі ел астанасында эпидемиологиялық қауіптілік деңгейін төмендетті, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Бейжің бүгінгі күннен бастап COVID-19-дың таралу деңгейін жоғарыдан келесі сатыға төмендетті. Бұл — қауіптілігі төмен аймақтардан келген адамдарға екі апталық карантин режимін сақтаудың қажеті жоқ дегенді білдіреді. Алайда, тұрғын үйлерге бұрынғысынша рұқсатнама бойынша ғана кіруге болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы