Қытай дәрігерлері Қазақстандағы миссияларын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық дәрігерлер Қазақстандағы өздерінің жұмыстарын аяқтап, үйлеріне оралды. Медицина қызметкерлері тобының Қытайға қайтуын Қазақстан Әскери әуе күштері әскери-транспорттық авиация күшімен жүзеге асырылды.

10 қытайлық дәрігерлерден құралған топтың 9 сәуірден басталған елімізге келуі 15 күнге созылды. Осы уақыт ішінде Аспанасты елінің мамандары медициналық мекемелерге барып, семинарлар, тренингтер мен конференциялар аясында қазақстандық әріптестерімен коронавирустық инфекцияны алдын-алу мен COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу, инфекцияны жұқтырған адамдарды анықтау алгоритмі мен оларды оқшаулау, эпидемиологиялық зерттеулер әдістері, медициналық персоналдың диагностикадан өтуі мен олардың инфекцияны жұқтыруларын болдырмау туралы тәжірибелерімен бөліскен болатын.

Аталған шараларда әскери дәрігерлер де қатысқан болатын. Қазіргі таңда әскери медициналық персонал коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу және қауіпті инфекциямен күрестегі қажетті көмек көрсетумен айналысуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы