Қытай АҚШ-пен сауданың күрт төмендегенін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі елдің сауда теңгерімсіздігі өсуде. Осы жылдың сегіз айында сауда айнылымы 195,45 миллиард долларды құрады. Бұл туралы korrespondent.net сайтында хабарланды.

2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Америка Құрама Штаттары мен Қытайдың тауар айналымы 355,6 миллиард долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9% төмен. 

Есепті кезеңде Қытайдың АҚШ-қа экспорты 275,53 млрд долларды құрап, 8,9% төмендеді, ал Америка Құрама Штаттары Қытайға тауарларды тек 80,07 млрд долларға импорттады, бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 27,5% аз. 

Тамыз айында Қытайдан АҚШ-қа экспорт 37,30 миллиард долларды, АҚШ-тан импорт 10,35 миллиард долларды құрады.

Ұзақ уақытқа созылған "сауда соғысы" аясында екі елдің сауда теңгерімсіздігі өсіп жатыр, осы жылдың сегіз айында ол 195,45 миллиард долларды құрады.

АҚШ президенті Дональд Трамп күздің басынан бастап жалпы құны 300 млрд доллар болатын қытайлық тауарларға баж салығын 10%-тен 15%-ке дейін, ал 1 қазаннан бастап жалпы құны 250 млрд доллар болатын тауарларға баж салығын 25-тен 30%-ке дейін артады деп мәлімдеген болатын.

Мұның бәрін ол Қытайдың жалпы құны 75 миллиард доллар болатын америкалық тауарларға баж салығын енгізу туралы шешімімен түсіндірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы