Қытайға декларацияланбаған ақша алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлері Алматы облысы бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп, "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде Қазақстаннан Қытайға кетіп бара жатқан азаматтың қол жүгінен белгіленген нысанда декларацияланбаған 130 000 қытай юанін тәркіледі, бұл 10 423 АҚШ долларын құрайды (31.10.2019 жылғы жағдайы бойынша ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамымен 7 159 100 теңге немесе 18 425 АҚШ долларын құрады).
Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаға ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.
Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін (жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын) әкелуге немесе әкетуге құқылы. Тәртіпке сәйкес декларацияланған қаражат сомасына салық салынбайды."10 мың АҚШ долларынан асатын сома ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда міндетті кедендік декларациялауға жатады", - делінген хабарламада.Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы