"Ысырапсыз, даңғаза қылмай". Оқу-ағарту министрі соңғы қоңырау туралы

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев түлектерді соңғы қоңырауды ысырап жасамай, даңғаза қылмай өткізуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрі мұны министрліктің аппараттық отырысында айтты. Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілер үшін биылғы оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау іс-шараларын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

Биылғы жылдың түлектері аталған іс-шараны жоғары мәдени деңгейде, еш ысырапсыз, даңғазаға жол бермей, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілікті жүктеймін, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы