27 Шілде 2026, 16:24
Фото: видеодан алынған кадр
Ыстықкөлде қазақстандық туристің қатысуымен жанжал шықты
Әлеуметтік желілерде тараған видеода қазақстандық турист пен пансионат қызметкерлері арасында жанжал шыққаны көрінеді.
Ыстықкөлдегі «Мурок» пансионатының жағажайында қазақстандық турист пен қызметкерлер арасында жанжал шыққаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Қазақстаннан барған демалушы пансионат аумағында жұмыс істейтін кәмелетке толмаған қыздармен сөзге келіп қалған. Кейін жанжал төбелеске ұласқан.
Әлеуметтік желі қолданушыларының мәліметінше, оқиға орнына милиция қызметкерлері келген. Тексеру жұмыстарынан кейін әйел босатылғаны айтылып жатыр.
Әзірге Қырғызстанның құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.