Ыстықкөл түбінен 10,4 тонна қоқыс шығарылды
Ыстықкөл көлінің түбінен 115 күн ішінде 10 тонна 405 кг қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сүңгуірлер Президент Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша көлді тазарту жұмыстарына кіріскен.
Қазіргі уақытта көл түбін тазарту жұмыстары Қара Ой ауылы, Шолпан ата қаласында жүргізіліп жатыр. Бірнеше пансионат тұсындағы көлдің түбі, сауықтыру орталығы мен шығанақ қоқыстан тазартылды.
17 шілдеге қарай көлдің түбінен 97 мың 600 метр балық аулау торы мен 10 тонна 405 кг қоқыс шығарылды. Барлығы 215 мың га аумақ тазартылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұшақта темекі шеккен екі жолаушыға айыппұл салынды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы