Ыстанбұлда қазақстандық студенттер арасында футболдан турнир өтті

Түркияда білім алатын қазақстандық студенттер арасында футболдан ауқымды екінші чемпионат өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирді тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Ыстанбұл және Анталия қалаларындағы Бас консулдықтарының бірлесе ұйымдастырған.

Дәстүрге айналған бұл іс-шара мыңдаған қазақстандық жастардың назарын аударды. Финалдық турнирге дейін Түркиядағы Анкара, Ыстанбұл, Анталия, Сакария, Измир, Орду, Ескішехир және Нийде қалаларында іріктеу матчтары өткізілді. Қазақстандық студенттерден құралған жалпы 58 команда қатысты. Барлық қатысушылар керемет табандылық пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Ыстанбұлдағы финалдық турнирге Түркияның 14 қаласынан 16 үздік команда жиналды.

Бартын қаласында оқитын қазақстандық студенттер спорттық шеберліктерін көрсетіп, чемпион атанды. Екінші орынды Карабюк қаласының командасы иеленді, ал үшінші орынды Кайсери және Кютахья қалаларынан келген командалар өзара бөлісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы