Ыстанбұлда Қазақстандағы өзгерістер талқыланды

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы түрік сарапшылары, журналисттері мен бизнес өкілдері үшін дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында сөз сөйлеген Бас консул Әлім Байел Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен президенттік сайлаудың қорытындылары туралы ақпарат берді. Дипломат еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі принциптері мен мақсаттары туралы айтып берген, сондай-ақ Қазақстан-Түркия ынтымақтастығындағы соңғы жағдайға ерекше тоқталды.

Биыл өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары мен Президент Реджеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға сапары, Түркі мемлекеттері ұйымы мен АӨСШК саммиттері сияқты іс-шаралар мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты және көпжақты ықпалдастыққа үлкен серпін беріп отыр.

Қатысушыларға, сондай-ақ, Қазақстандағы инвестициялық және бизнес мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Соңғы кезеңдегі рекордтық динамиканың нәтижесінде Түркия Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктестерінің біріне айналып отыр. 

Ә. Байелдің айтуынша, Қазақстан әсіресе түрік инвесторларының еліміздегі өңдеуші секторларға қызығушылық танытатынын жоғары бағалайды. Сонымен қатар, елдеріміз Каспий арқылы өтетін транзиттік дәліз сияқты балама бағдарларды бірлесіп дамыту арқылы Еуразияның жаңа көлік-логистикалық желісін қалыптастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы